ШҚО-да биыл қандай жол учаскелері жөнделеді?
Биыл "Зайсан - Шілікті - Ақжар" трассасының жобасы аяқталады.
Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов облыстық маңызы бар жолдарды жөндеу, реконструкциялау және салу бойынша өткен кеңес барысында айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Биыл су қоймасының жағалауын абаттандыру бойынша ауқымды жобаны іске асыру үшін Жаңа Бұқтырма кентіне баратын жол жөнделеді.
- "Зайсан - Шілікті - Ақжар" трассасының жобасын аяқтаймыз, бұл бізге екі ауданды көлік жолдарымен байланыстыруға және елді мекендер арасында байланыс орнатуға мүмкіндік береді. "Өскемен-Самар ауданы", "Өскемен - Северное" жолдарын жөндеуге қаражат бөлінді, учаскелер анықталды. Аудан орталықтары мен бұрынғы аудан орталықтарына апаратын және елді мекендерге кіреберіс жолдарға баса назар аударылады, - деп атап өтті аймақ басшысы.
Сонымен қатар, Бозанбай ауылына бұрылыстан Сібе көлдеріне дейінгі трасса реконструкцияланады. Республикалық маңызы бар жолдарға келетін болсақ, мұнда "Өскемен-Риддер" және "Өскемен - Алтай" трассалары жөндеумен қамтылады .