Катонқарағай ауданында бассейн бой көтермек
Катонқарағай ауданының орталығы Үлкен Нарын ауылында бассейн ғимаратының құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Аталмыш нысан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жанында бой көтеретін болады. Шекаралық аудандарды дамыту бағдарламасына сәйкес, "Жұмыспен қамтудың жол картасы" мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан нысанды аудан әкімі Ділдар Қалиқан барып көрді. Қазіргі таңда жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Бассейн бұйырса 2021 жылдан кешіктірілмей қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр.
Оқи отырыңыз