Өскеменде 14 жастағы жасөспірім жоғалып кетті
Өскеменде бір күн бұрын жоғалып кеткен 14 жастағы жасөспірім іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Кеше, 30 сәуірде сағат 18.00-де 2007 жылы туған кәмелетке толмаған Рустам Слембаев үйінен кетіп қалды. Осы уақытқа дейін бала үйге оралмады", - деді полиция өкілдері.
Тәртіп сақшылары жасөспірімді адамдар соңғы рет Красин ауылында көргенін айтты. Рустам Слембаевтың белгілері: бойы 150-160 сантиметр, арықша келген, сары, шашы қысқа, көзі көк, ерні томпақ, бетінде тыртық бар.
Сұр желбегей, бейсбол қалпақшасы мен қара сұр түсті спорттық костюм киген. Ақ-көк түсті велосипедпен шыққан.