KZ
Өскемен
-8°
туман жел 2 м/с, С
498.51 522.84 4.81

Зайсаннан 8 дәрігер Еуропаға барып, біліктіліктерін шыңдап қайтады

30.01.2020, 09:31 191

Облыс әкімі Даниал Ахметов Зайсан ауданындағы орталық аурухананың жұмысымен танысты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, аймақ басшысы Зайсан ауданының әкімі Серік Ақтановтың есепті кездесуіне қатысып, бірқатар мәселе төңірегінде сөз қозғады. Осыдан кейін Даниал Кенжетайұлы орталық аудандық ауруханаға барып, нысанның жұмысымен танысты.

- Ғимараттың аудан тұрғындары үшін тарлық ететіні рас. Бірақ ол мәселе шешімін табады. Жалпы аурухананың жұмысы мен жабдықталуы көңіл көншітерлік, - деді Облыс әкімі.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджановтың айтуынша, осы жылы аталмыш ауданнан 8 дәрігер Еуропаға барып, біліктіліктерін шыңдайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу