Бейжіңде соңғы 140 жылда болмаған мөлшерде жаңбыр жауды
Фото: egemen.kz
«Синьхуа» агенттігінің мәліметінше, соңғы бірнеше күнде Бейжіңде 140 жылда жаумаған мөлшерде жауын жауды.
Өткен демалыс күндерінен бастап ел астанасында «Доксури» тайфунына байланысты қатты жаңбыр жауып, 11 адам қаза тапты, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бейжің метеорологиялық қызметінің хабарлауынша, сенбі күнгі сағат 20:00-ден сәрсенбі күнгі 7:00-ге дейін Чанпин ауданындағы Ваньцзяюань су қоймасына 744,8 мм жауын-шашын түскен. Бұл төтенше мөлшер саналады.
Қазір Бейжіңде су тасқынына байланысты «қызыл ескерту» алынды, себебі негізгі өзендердегі су деңгейі қауіпті деңгейден төмендеді.