Өскемен тұрғындары үшін қоғамдық сенбілік өтеді
Фото: ria.ru
«3.2.1 Старт!» жобасы пластикті жинау мен қайта өндеудің тұрақты моделін қалыптастыруға бағытталған.
29 шілдеде сағат 10:00-де «3.2.1 Старт!» әлеуметтік жобасының 8-маусымын жүзеге асыру аясында CCI Kazakhstan қолдауымен Өскемен қаласының тұрғындары үшін қоғамдық сенбілік өтеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Сенбілікті Өскемен қаласы әкімдігінің қолдауымен "Жасыл экономика және G-Global дамыту коалициясы" ЗТБ ұйымдастырып отыр.
«3.2.1 Старт!» жобасы жасыл қағидаттарды ілгерілету және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу арқылы жастарды тарта отырып, Қазақстанның жоғары оқу орындарының базасында пластикті жинау мен қайта өндеудің тұрақты моделін қалыптастыруға бағытталған.
Сенбілік жүргізу үшін Ертіс жағалауының аумағы таңдалып отыр (Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің жатақханасы жағынан).
Сонымен қатар акция аясында қатты тұрмыстық қалдықтарды бөліп жинау бойынша тренинг ұйымдастырылады.
Жиналатын орын мен уақыты: 29 шілдеде сағат 09.30-дан бастап Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің жатақханасының алдында.