Өскеменде тағы бір жылы аялдама пайда болмақ

Шартты сурет
Облыс орталығындағы кәсіпкерлердің бірі Татьяна Ячменева өз қаражатынан жылы аялдама орнатуға ниетті.
Татьяна Ячменева - 45-ші дәріхана ауданындағы гүл сататын дүкеннің иесі. Ол өз дүкеніне жөндеу жұмыстарын жүргізбек болып, рұқсат сұрағанда қала билігі онда жылы аялдама орнатылатынын айтып, өтінішін мақұлдамаған көрінеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Оның айтуынша, аялдама әдемі, заманауи және жылы болады. Кәсіпкер сонымен қатар салон мен аялдама кешенінің жанындағы учаскедегі асфальтты да ауыстырғысы келеді. Тек қала әкімдігінен жер учаскесінің жалға алу мерзімін ұзартып, оның ауданын ұлғайтуды сұрайды.
Қала басшысы Жақсылық Омар Татьяна Ячменевамен кездесіп, оның жобасын қарастыруға уәде берді. Сондай-ақ аялдаманың эскиздерін қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөліміне тапсыруды ұсынды.