Өскеменде жарылыс жұмыстары жүргізіледі
Облыс орталығының 24-ші тұрғын ауданында жарылыс жұмыстары жүргізіледі.
Қала әкімдігі бұл жұмыстарға «Kaz Explo Service» ЖШС жауапты екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- 21 қыркүйекте сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін «Өскемен қаласының 24 тұрғын ауданының бас жоспары мен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу. Кварталішілік жылумен жабдықтау, су құбыры және кәріз желілері» объектісінде жарылыс жұмыстары жүргізіледі. Тыныштық сақтауларыңызды сұраймыз, - деп жазылған қала әкімдігінің хабарламасында.
Оқи отырыңыз