KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 3 м/с, З
492.14 528.85 5.01

Есенберлин даңғылына 380 түп көшет отырғызылады – Өскемен

Фото - автордікі

12.10.2023, 18:09 226

Өскемендегі І.Есенберлин даңғылының бойына 380 көшет отырғызылады. Дәлірек айтқанда, Есенберлин даңғылынан Әл-Фараби даңғылына дейін, Қазыбек би даңғылымен қиылысатын тұсқа, 19-шағын ауданға отырғызбақ. 

Қала әкімі Тәуелсіздік монументінің айналасындағы ағаштардың қурап, қараусыз қалғанын айтып, жаңа көшет отырғызуды тапсырды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 

– Қазір 19-шағын ауданға, КШТ жаққа басымдық бердік. Қаланың орталығына қарағанда бұл жақта ағаш аз. Сондықтан күшті осы жаққа салып жатырмыз. Әсіресе Тәуелсіздік монументі, Қазыбек би, І.Есенберлин даңғылы, Әл-Фараби даңғылына көңіл бөлеміз. Осы аумақтарды көгалдандыру керек, – дейді шаһар әкімі Жақсылық Омар. – Бұл жұмысты ғылыми негізге сүйеніп істейміз. Әр талдың түбіне тамшылатып суару құрылғысы қойылады. Бұл жақтың топырағы тастақты, ағаш өсіру қиын. Жоспар бойынша, екі аптаның көлемінде 380 көшет отырғызамыз. Бұрын қалыптасқан науқаннан алыстадық. Осыған дейін 200-300 студентті шақырып, солардың қолына мыңдаған көшетті тапсыратын. Олар қалай болса солай отырғызып, одан кейін ол көшет солып қалатын. Ал қазір мердігерлер біртіндеп, уақытылы егеді. 2-2,5 метрлік ағаштарды отырғызу керек. Олардың өсуі тез. Біз олардан тез өсетін ағаштарды отырғызуды талап еттік.

Жаңа аудандарға ағаштың бірнеше түрін егу жоспарланып отыр.

– І. Есенберлин даңғылына жолдың екі жағына көшет отырғызамыз. Жөке, қайың, шаған, шетен ағашын егеміз. Ағаш егу жұмысы осы жылға жоспарланған. Қазір ағаш егуге ең қолайлы кезең. Яғни, көктем мен күз кезі, – дейді ағаш отырғызуға жауапты мердігер Михаил Журавлев.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив