28-шағын ауданның аумағы қарқынды кеңіп келеді – Өскемен
Фото - автордікі
Қазір 28-шағын ауданда «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Қазір ауданның аумағы қарқынды кеңіп келе жатыр. Қазір ауданда екі пәтерлі 15 үй салынып жатыр. 30 пәтердің 20-сы – 85 шаршы метр, 10-ы – 65 шаршы метр.
Ауданға электр және су беру желісі тартылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
– Әлеуметтік осал топтағы отбасыларға баспана алуға көмектесу – мемлекет саясатының басым бағытының бірі. Сол бағытты орындау аясында Өскеменде бірнеше үйдің құрылысы жүріп жатыр. Құрылыс компанияларынан екі пәтерлі үй сатып алуға Үкіметтен ақша бөлініп, дайын үйлерді сатып алғаннан кейін, онда кезекте тұрған отбасылар қоныстанады. Бұл жерде қазір қоспәтерлі 11 үйдің, яғни 22 пәтердің құрылысы жүріп жатыр. «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасының аясында үй салып, 28-шағын ауданның аумағын кеңітіп жатырмыз. Бұған дейін қызыл кірпіштен салынған 54 үйдің құрылысы бітті. Сол үйлердің сол жақ қанатында орын тепкен 37 үйдің құрылысы аяқталды. Енді жылдың аяғына дейін барлығы 44 үйдің құрылысы бітеді деп жоспарлап отырмыз. Қазір осы ауданның өзге аумақтарында да жұмыс жүріп жатыр, – дейді қала әкімі Жақсылық Омар. – Ауданның ішіндегі басты мәселенің бірі – ішкі инфрақұрылым. Қазір жолдың жобасы салынды. Келесі жылы қаржы бөлінсе, ол жұмыстарды да үйдің құрылысымен қатар жүргіземіз.
Аталған аудандағы жаңа үйлер электр желісі мен су беру жүйесіне қосылады.
– Үйлердің сапасы жақсы. Үйде қажеттің бәрін орнатамыз. Алдағы уақытта қоршау орнатамыз. Пластик терезе, сантехникалық торап бар. Пәтерлер 3 бөлмелі. Үйге қазандық орнатамыз, – дейді Өскемен қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Қайрат Танекенов.
Ауданда сонымен қатар кәріз жүйесі, жол салынады. Жолға «ДСУ-11» мекемесі, кәріз жүйесін салуға «Востоквзрывпром» жауапты.
Оқи отырыңыз