KZ
Өскемен
+31°
переменная облачность жел 1 м/с, С
439.43 473.31 4.82

Тағы бір жылы аялдамада кофехана ашылады - Өскемен

27.01.2024, 18:12 77 Қызырбек Дүргінбайұлы

Бұған дейін Өскмендегі бірнеше жылы аялдамада кофехана ашылған болатын. Бұдан былай қаладағы ең арзан кофе арнайы жабдықталған жылы аялдамаларда сатылады.

 

Келесі кезекте «Спорт сарайы» жылы аялдамасында кофехана ашылмақ. Кәсіпкер аялдама ішін жабдықтап жатыр. Онда арнайы  кітап сөресі де болады, деп хабарлайды Altaуnews.kz тілшісі.

 

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар «Спорт сарайы» жылы аялдамасын арнайы жабдықтап жатқан кәсіпкердің жұмысын көріп қайтты. Пилоттық жоба негізінде ашылған аялдамада кофемен қатар жеңіл тағамдар мен ыстық шәй сатылады.

– Мұнда кофе әлеуметтік бағада сатылады. Теледидар қойылып, «Oskemen bus» кестесі көрсетіліп тұратын болады. Аялдаманың тазалығын, бүлінбеуін де қадағалаймыз, –  дейді кәсіпкер Елдар Мұхаметқазин.


Айта кетсек, жылы аялдамадағы кофехана таңғы 6:00-ден түнгі 22:00-ге дейін, автобус кестесі бойынша жұмыс істейді.

 

Фото: Валерий Шведов

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив