ШҚО-да жыл басынан бері 10 автокөлік отқа оранған
ШҚО-да жаңа жылдың алғашқы айында 10 автокөлік өрті тіркеліп үлгерді.
ШҚО ТЖД мамандарының айтуынша, көлік өртінің 90%-ы электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Риддер қаласындағы Заводская көшесінде 2008 жылғы "Камаз" автокөлігіне қатты-тұрмыстық қалдықтарды тиеу кезінде қозғалтқышы, аспаптар панелі мен салоны жанып кетті. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер 5 шаршы метр аумақтағы ілсіз жауды ауыздықтады. Мамандар өрт қауіптілігі жоғары агрегатты абайсыз пайдаланғаннан болуы мүмкін деп болжам жасап отыр.
- Көлік өртінің 90%-ы электр сымдарының қысқа тұйықталуынан пайда болады. Көлікке, дөңгелектеріне немесе корпусына арнайы жарықтандыру түрінде қосымша электр жабдықтарын орнату, түрлі антирадарлар және сол сияқтылар да көлік өртін тудыруы мүмкін, – дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз