Доллардың бүгінгі бағамы қандай?

Фото: egemen.kz
Ұлттық банк доллар мен рубльдің 4 тамызға арналған бағамын белгіледі.
Атап айтқанда, 1 доллар құны – 445,01 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 4,75 теңге, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
3 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,28 теңгеге қымбаттап, 445,03 теңге болған.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 443 – 447 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар 444,5 – 448,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,71 – 4,81 аралығында саудаланып жатыр.