Тұтынушының құқығын бұзған кәсіпкерлерге айыппұл салынуы мүмкін
Фото: egemen.kz
Елде тұтынушының құқығын бұзған кәсіпкерге сот арқылы айыппұл салу ұсынылды.
Бұл туралы Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Балықбаев айтты, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
– Қолданыстағы Заң салалық заңдармен реттелген қаржылық, әлеуметтік, медициналық, туристік және өзге де қызметтер салаларындағы тұтынушылардың құқығын қорғауда қолданылмайды. Нәтижесінде соттар Заңның 2-бабына сілтеме жасай отырып, тұтынушылардың құқығын қорғау туралы нормаларын негізге алмайды. Кейіннен олардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылып, әлеуметтік тәуекелдер туындайды.
Адам өмірінің барлық салаларында тұтынушылардың құқықтарын қорғау қағидаларын тұрғын үй-коммуналдық тұтыну, байланыс, туризм, мәдениет, сауда, көлік және тұтыну үшін көрсетілетін қызметтердің өзге де салаларында қолдану ұсынылады, – деді ол «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заң жобасының және оған ілеспе заң жобасының таныстырылымы барысында.

Оның атап өтуінше, кәсіпкерге айыппұл түрінде сотпен азаматтық-құқықтық жауапкершілік енгізу ұсынылып отыр.
– Айыппұл мөлшері тұтынушының талап қою сомасының 10 пайыздан 50 пайызына дейін құрайды. Шағым сомасы неғұрлым аз болса, айыппұл мөлшері жоғарыда көрсетілгендей болады. Оң тұстары – кәсіпкерлерді сотқа дейінгі кезеңде бұзушылықтарды өз еркімен жоюға ынталандырады. Себебі айыппұл төлемес үшін кәсіпкер тұтынушымен келісімге келуге тырысады. Клиенттің қажеттіліктеріне бағдарланады. Қоғамдық мониторингті дамытуға және өркениеттік нарықтық экономиканы құруға ынталандырады. Кей кездері медиаторға жүгіну үшін тұтынушы ақша төлеу керек. Ол ақшасы болмай қалатын жағдай да бар. Айыппұл енгізгеннен кейін сол айыппұлды медиаторға бере алады, – деді Қайрат Балықбаев.
Оқи отырыңыз