KZ
Өскемен
-12°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Биыл ғылыми атақ беру ережесіне бірнеше өзгеріс енгізілді

Фото: ҚазАқпарат/ Мұхтар Холдорбеков

23.10.2023, 16:00 222

Елімізде биыл ғылыми атақ беру ережесіне өзгерістер енгізілген болатын.

Ғылым және жоғары білім министрлігі биыл ғылыми атақ беру ережесіне қандай өзгеріс енгізілгенін жариялады, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Kazinform ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Осы жылы қауымдастырылған профессор (доцент) және профессор ғылыми атақтарын беру туралы ережеге мынадай өзгеріс енгізілген:

- Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы мақалалар «Мақала» (Article/Артикль) немесе «Шолу» (Review/Ревью) түрінде болады және ол көрсетілген базалардағы журналдың тақырыптық бағытына сәйкес келеді. Пәнаралық бағыты бойынша халықаралық рецензияланатын ғылыми мақалаларды журналдарда жариялауға рұқсат етіледі (Multidisciplinary).

- Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда 2 ғылыми мақала ретінде Elsevier, Brill, CRC Press, DeGruyter, Edward Elgar Publishing, John Wiley & Sons, McGraw Hill, Palgrave Macmillan, Peter Lang, Prentice Hall, Routledge, Sage Publications, Springer Nature, Taylor and Francis, Wolters Kluwer сияқты сенімді баспаларда немесе US News Best Global Universities Rankings я болмаса Academic Ranking of World Universities немесе Times Higher Education World University топ-100 рейтингіндегі университет баспасында шығарылған монография ескеріледі. Жоғарыда көрсетілген баспаларда жарияланған 1 бет материал бір мақала ретінде есепке алынады.

Айта кетейік, қазір елімізде 22 456 ғылыми кадр еңбек етіп жүр. Зерттеушілердің 37 пайызы ғылыми және академиялық дәрежеге ие. Атап айтқанда, ғылым докторы – 1 743, ғылым кандидаты – 3 945, философия докторы (PhD) – 2 460 және бейіні бойынша доктор – 96 адам. Сондай-ақ, зерттеушілердің 46 пайызы немесе 10 327 адам – 40 жасқа дейінгі жас ғалымдар. Ал 31 пайызы немесе 6 950 адам - 41-54 жастағылар болса, 23 пайызы (5 179 адам) - 55 жастан асқан ғалымдар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу