KZ
Өскемен
+21°
ясно жел 5 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Елде қандай мамандар жетіспейді?

Фото: egemen.kz

26.10.2023, 21:36 207

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев елде қандай мамандар ең көп сұранысқа ие екенін айтып берді.

Дерекке сүйенсек, қазір жұмысшы кадрлар жетіспейді, деп хабарлайды Altaynews Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

— Бірінші кезекте жұмысшы кадрлар жетіспеушілігі бар, бұл үрдіс әлі де сақталып отыр. Бұған кәсіптік білім беру мен колледж түлектерін жатқызуға болады. Сондықтан біздің басты назарымыз – жұмысшы санаттарының қалай дайындалатынына байланысты болады, - деді Олжас Ордабаев «Өзгеріс дәуіріндегі еңбек нарығы» атты халықаралық конференцияның кулуарында.

Сонымен бірге, вице-министр бүгінгі форумда келешектегі экономика үшін кадрлар қалай дайындалатыны, халық үшін сапалы жұмыс орындары қалай құрылатыны, еңбек нарығының инфрақұрылымы қалай жұмыс істейтіні талқыланатынын атап өтті.

— Бұл ретте мансап орталықтарын, электронды еңбек биржасын айтуға болады. Яғни, еңбек нарығына шығатын жастардың жұмыс беруші мен жұмысшылар арасындағы байланысты қамтамасыз ету жолдары туралы сұранысқа ие дағдылар алу үшін осы тетіктердің қалай үйлесімді жұмыс істеуі керектігі қаралады, - деп толықтырды вице-министр.

Айта кетейік, елордада «Өзгеріс дәуіріндегі еңбек нарығы: сын-тегеуріндер, жаңартулар және перспективалар» атты халықаралық конференция өтіп жатыр. Онда отандық және шетелдік сарапшылар әлемдік экономиканың қазіргі жағдайы мен перспективаларын, жаһандық еңбек нарығының даму үрдістерін, сапалы жұмыс орындарын құру мүмкіндіктерін және оларға бизнес-ортаның әсерін, техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы қажетті өзгерістерді, сондай-ақ әлемде адами капиталды дамыту мәселелері талқыланады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив