Шағын қала мен кент мұғалімдерінің жалақысына ауылдық коэффициент қосыла ма?
Фото: livejournal.com
Бірқатар мәжіліс депутаттарының шағын қалалар мен кенттердегі мектеп мұғалімдерінің жалақысына ауылдық коэффициенті енгізу туралы ұсынысына Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жауап берді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Informburo.kz порталына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, бұл бастама ел бюджетіне ауырлық етеді. Дегенмен, ұсыныс құзыретті мемлекеттік органдармен бірлесіп пысықталады.
Үкімет басшысының бірінші орынбасары қазіргі кезде педагог мамандығының беделі артып, еңбек жағдайлары жақсарып, педагогтердің құқықтары мен мүмкіндіктері кеңейгенін алға тартты.
Оның сөзінше, жергілікті атқарушы органдар педагогтерге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде 300 еселенген мөлшерінде сыйақы түрінде қосымша ынталандыру төлемдерін белгілеуге құқылы.