KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 3 м/с, В
480.55 533.75 5.36

Көшпенділер ойындары: Астанада арнайы автобустар қатынайды

25.07.2024, 22:31 76 Ержан Әбіш

Елордадағы №1 Автобус паркінің басқарма төрағасы Мадияр Тұқпатов қазір бұл сұрақ пысықталып жатқанын айтты, деп хабарлайды  Altainews.kz тілшісі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

– Біз 100 автобусты Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын спортшыларға береміз. Оларға берілетін Shuttle Bus-тар қонақ үй мен жарыс алаңы арасында қатынайды. Сондай-ақ көрермендерге де 100-200 шақты автобус дайындап жатырмыз, – деді басқарма басшысы.

Оның сөзінше, бұл жұмыс қазір әкімдікпен бірге пысықталып жатыр.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ұйымдастыру штабы бұл сұрақ алдағы күндері шешімін табатынын және автобус паркі ол жөнінде толыққанды ақпарат тарататынын мәлімдеді.

Фото: BAQ.KZ

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив