KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, ОШ
481.68 522.48 5

8 жылда алғаш рет: Азық-түлік бағасы арзандады

Фото: depositphotos.com

26.07.2024, 10:27 62 Ержан Әбіш

2016 жылдан бастап елімізде алғаш рет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) баға индексі төмендеді. Қабылдаған шаралардың нәтижесінде дефляцияның орташа индексі 99,8%-ды құрады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бағаның маусымдық ауытқуын болдырмау үшін нарыққа 160 мың тоннадан астам көкөніс өнімі жеткізілді. Сондай-ақ жұмыртқа өндірушілер одағымен жыл соңына дейін жұмыртқа бағасын белгілеу туралы келісімге қол қойылды, бұл нарықтағы баға демпингінің алдын алады. Отандық қайта өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету үшін күнбағыс тұқымын әкетуге экспорттық кедендік баж енгізілді.

ӘМАТ-тың «электронды айнасына» айналатын Тауарларды қадағалаудың ұлттық жүйесі пилоттық режимде жұмыс істейді. Оны 58 тауар позициясынан тұратын барлық азық-түлік себетін кеңейтуге қолдану жоспарланып отыр.

Бағаның негізсіз өсуін болдырмау мақсатында мемлекеттік бақылау күшейтілді. Осы жылдың басынан бастап 16,3 млн теңге сомасына сауда заңнамасын бұзу бойынша 2 357 әкімшілік іс қозғалды. Сауда үстемесін сақтау бойынша жұмыс қарқынды түрде жүргізілуде: 2024 жылдың бірінші жартыcында сауда үстемесін асыра пайдалану туралы 1946 қаулы шығарылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив