KZ
Өскемен
-12°
туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

Қазақстан халқының саны қаншаға жетті?

Фото: qazaqstan.tv

12.08.2023, 14:30 202 Оразай Жеңісұлы
Биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, Қазақстан халқының саны 19 899 377 адамға жетті.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 19 899 377 адамның 12 317 671-сі – қалада, 7 581 706-сы ауылда тұрады, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Халықтың жалпы санының 48,8%-і – ерлер, 51,2%-і — әйелдер. Бірінші жартыжылдықта Қазақстанда 189,5 мың бала дүниеге келсе, оның 98 мыңы – ұл, 91,5 мыңы – қыз.

Туу көрсеткіші жоғары өңірлер: Маңғыстау, Түркістан облыстары және Шымкент қаласы. Бірінші жартыжылдықта елімізде 63,6 мың адам қайтыс болған. Жарты жылдағы халықтың табиғи өсімі 125,9 мың адам.

Өлім-жітімнің ең жоғары көрсеткіші Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында тіркелді. Аталып өткендей, бұл жағдай осы өңірлерде қариялардың көп болуымен байланысты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу