KZ
Өскемен
-11°
переменная облачность жел 2 м/с, В
520.02 608.79 6.57

Мереке өтпей қалса, банкетке төленген ақша қайтарыла ма?

depositphotos.com

12.08.2025, 16:00 220 Жанаргүл Көкенайқызы

Қарағанды облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне ерекше жағдай бойынша шағым түсті. Өңір тұрғыны жергілікті мейрамханаға банкетке алдын ала ақша төлеген. Бірақ шараны өткізуге жақын туысының қазасына байланысты мәжбүрлі түрде бас тартқан. Қайғы жағдайы ресми құжатпен расталса да, мейрамхана ақшаны қайтаруға келіспеген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстанның «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңына сәйкес, егер қызметті тұтынушының еркінен тыс себептермен көрсету мүмкін болмаса, ол шартты біржақты бұзып, төленген қаражатты қайтаруды талап ете алады. Жақын адамның қайтыс болуы – осындай негізді себептердің бірі.

Азаматтық кодексте де бұл жағдай айқын жазылған: егер шартты орындау форс-мажор себептермен мүмкін болмаса, міндеттемелер тоқтатылады.

Ал алдын ала төлем ше?

Егер келісімде «ақша қайтарылмайды» деген арнайы шарт болмаса, тұтынушы алдын ала төленген соманы қайтаруды талап ете алады. Тек бір ғана ерекшелік бар – егер мейрамхана өз тарапынан нақты жұмсалған шығындарды дәлелдесе, сол шығындар ғана ұсталып қалуы мүмкін.

- Алдымен мейрамханаға жазбаша шағым беріңіз. Жауап қанағаттандырмаса, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне немесе сотқа жүгініңіз. Барлық құжаттарды сақтаңыз: шарт, түбіртектер, куәлік көшірмелері, қайтыс болу туралы анықтама. Егер себеп орынды әрі құжатпен расталса, ал келісімде төлем қайтарылмайды деп көрсетілмесе – мейрамхана ақшаны қайтаруы тиіс. Заң бұл жағдайда тұтынушының жағында,- делінген ресми хабарламада.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу