KZ
Өскемен
+15°
ясно жел 1 м/с, С
465.52 498.2 5.45

Ислам мен ұлттық құндылық туралы конференция өтті – Самар

13.04.2023, 18:11 255

Самар ауданында "Ізгі қоғамдағы Ислам және XXI ғасырдағы ұлттық құндылық" атты конференция өтті. 
Конференцияға облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бас имамы Ермек Мұқатай, аудан әкімі Раджан Қайырқанұлы, «Уақып» Қазақстандық кооперативтік қайырымдылық қорының Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілі Берік Кәдіров қатысқан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Басқосуда аудандағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және радикалды идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыру бағытында атқарылған жүйелі жұмыстар аталған.
Қазіргі таңда ауданда қолданыстағы 6 мешіт бар, одан өзге тағы 3 мешіттің құрылысы жүргізіліп жатқан көрінеді. 
Кеңеске ауылдық округ әкімдері, ауыл имамдары, ардагерлер кеңесінің өкілдері, қоғам белсенділері қатысты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив