KZ
Өскемен
-13°
небольшая облачность Штиль
523.86 544.34 5.11

АӨК саласындағы инвестициялық жобаларға 100 млрд теңге бөлінген – Шемонаиха

3.05.2023, 15:04 285

27 сәуірде Шемонаиха ауданындағы «Рулиха» ЖШС-де АӨК саласындағы ірі инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша "СҚО тәжірибесін тарату аясында сүтті мал шаруашылығын дамыту" семинар-кеңесі өтті. Кеңеске облыс әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаев төрағалық еткен. 
Аталған бағдарламаны іске асыру үшін республикалық бюджеттен 100 млрд теңге көлемінде несие бөлінген. Оның есебінен 65 тауарлы-сүт фермасының құрылысына жылдық 2,5%-бен қаражат құйылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

–    Біздің фермерлер де осы бағдарламаны пайдаланғанын қалаймын. Бірақ бұл ақша қазынаға қарыздарын қайтара алатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге ғана бөлінетін болады. Сондықтан осы салада жоғары нәтижелерге қол жеткізген шаруашылықтардың тәжірибесін зерттей отырып, іске өте мұқият қарау керек. "Рулиха" ЖШС өз мысалында облыстың барлық ауданынан іс-шараға келген қонақтарға мал шаруашылығын әу бастан қалай дамыту керектігін көрсетті, – дейді аудан әкімі Григорий Акулов. 

Ал сүтті мал шаруашылығындағы инновациялық технологиялар турасында осы саладағы бірнеше компанияның өкілі баяндады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу