KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 0,6 м/с, С
478.16 534.92 5.18

Екі әйел мектепте төбелес шығарды – ШҚО

Фото: Шартты сурет

11.05.2023, 12:37 390

Алтай ауданының елді мекендерінің бірінде екі әйел мектепте төбелес шығарған. Екі оқушы жұдырықтасып, ата-анасын тәрбие жұмысы үшін мектепке шақырған мектеп әкімшілігіне ақыры олардың өзін ажыратуға тура келген.

Бұл туралы Алтай аудандық №2 сотының хаттамаларында көрсетілген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Басында оқушылар арасында туындаған дау ата-аналар арасына ойысқан. Сыныптас екі оқушының қылығы оқу орны әкімдігінің назарын аударған. Тәрбиелік мақсатта әңгіме жүргізу үшін мектепке ата-аналары шақырылған көрінеді. Алайда екі әйел психолог алдында сөзге келіп, арты төбелеске ұласқан.

Төбелескен әйелдердің бірі ұсақ бұзақылық бойынша сотқа тартылып, 48 300 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив