KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 0,6 м/с, С
478.16 534.92 5.18

Риддерде үлкен жұлдыз түрінде қойылған алау жағылды

Фото: Ашық дереккөзден алынды

11.05.2023, 14:50 329

Жеңіс күніне орай Риддерде Иванов жотасынының баурайында жұлдыз жанды.

Бірнеше жылдан бері бастамашыл топ 9 мамырда жотада үлкен жұлдызды құрайтын алауды тұтатады. Биыл ұйымдастырушылар шараға дайындықты ерте бастап кеткен. Отшашу, алау жағуға қажетті ыдыстарды алдын ала сатып алған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ұйымдастырушылар 7 мамыр күні екі сағаттық жолды көлік ауыстырып жүріп еңсеріп, діттеген жерге жеткен. Жотада қар әлі ерімеген. Ұйымдастырушылардың дерегіне сәйкес, биылғы жұлдыздың диаметрі 95 метрді құраған.

Алауды жағу дәстүр бойынша 9 мамыр күні сағат 20.40-та басталған.

– Шараға барлығы 50 шақты адам қатысты. Алайда оның басым бөлігі көрермендер еді. Алауды тұтатумен 10-15 адам айналысты, – дейді ұйымдастырушы Степан Репин.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив