KZ
Өскемен
-12°
плотный туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

Салмағы 1700 грамм нәресте Өскеменге тікұшақпен жеткізіледі

Фото: Шығыс ақпарат

21.07.2023, 14:52 517

ШҚО Тарбағатай аудандық ауруханасында салмағы 1700 грамм сәби дүниеге келді.

Ай-күнінен ерте туған нәресте тиісті ем-дом алуы үшін Өскемен қаласындағы арнайы орталыққа жеткізілуі қажет, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Тарбағатай аудандық ауруханасына сапары кезінде ШҚО әкімі Ермек Көшербаев жақында нәрестелі болған аудан тұрғыны Тілеубек Сағатбекпен жолығып, сәбидің амандығын тіледі.

Кішкентайдың әкесі Тілеубек Сағатбектің сөзінше, салмағы 1700 грамм болып туған шақалақ дәрігерлердің ұсынысы бойынша тиісті ем-дом алуы үшін тікұшақ арқылы Өскемендегі Ана мен бала орталығына жеткізіледі.  

– Мерзімінен бұрын толғағы жетіп, жұбайым екінші баламызды босанды. Дәрігерлерге мың алғыс, – деді Тілеубек Сағатбек.

Өз кезегінде әкім де бөбек пен анасының жағдайы жақсы болуына тілеулестігін білдірді.

– Бәрі жақсы болады. Тарбағатай балалары шымыр, алғыр келеді. Бұйырса, жұбайыңыз бен балаңызды құшағыңызға аларсыз, – деді Ермек Беделбайұлы.

Бұдан бөлек, облыс әкімі аудандық аурухананың техникалық базасы орнықты, бас дәрігері білікті маман екенін айтты. Әкім сапар аясында ауруханаға келушілер мен науқастардың қал-жағдайын білді. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу