KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 8 м/с, СБ
483.23 534.74 5.12

Риддер ЖЭО-дағы жұмыс екі ауысымда жүреді

28.07.2023, 18:00 354 Мадина Амангелдіқызы

Бүгінгі таңда Риддердегі жылу көзінде 11 мердігер ұйым жұмыс істеп жатыр.

Риддердегі жылу орталығындағы қайта құру жұмыстары барлық 6 қазандық агрегатында, отын беру жолында, турбиналық цехта жүзеге асырылады. Сондай-ақ ЖЭО ғимаратында және жылумен жабдықтау желілерінде ауқымды жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жұмыс барысын қалалық мәслихаттың қоғам белсенділері мен депутаттары қадағалайтын болады.

– Біз нысандарға аптасына екі рет барамыз, қандай жұмыстар жүргізілгенін, өзгерістердің бар-жоғын және т.б. көріп қайтамыз, – деді Риддер қалалық мәслихатының депутаты Евгений Нужных. – Қазірдің өзінде үлкен жұмыс атқарылды, қаржы қаражаты толық көлемде түсті. Қазандықтар бойынша барлық жұмыс жүргізілуде, желілер бойынша жұмыстың 90% орындалды, мердігерлер 15 тамызға дейін желілер ауыстырылып қояды деп сендіріп отыр. Өте көп қызметкерлер тартылған, жұмыстар екі ауысымда жүргізіліп жатыр.

"Перспективті технологиялар" ЖШС директоры Расул Тоқтарқан қазіргі уақытта экрандық құбырлар, буқыздырғыштар және экономайзер бойынша барлық демонтаж жұмыстарының жүргізілгенін хабарлады.

– Құбырлардың барлығы дерлік әкелінді, бүгін-ертең орташа қысымды экрандық құбырды әкелу керек, – деді бас мердігер ұйымның басшысы.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Риддер ЖЭО-ның дайындығы шамамен 40% құрайды.

 
– Қазір біз багер сорғысын, мазут сорғысын және күл үйіндісін жөндеуді қадағалаймыз. Мердігерлер барлық жабдықпен толық қамтамасыз етілген, – деп атап өтті "Риддер ЖЭО" АҚ-дағы "Казцинк" ЖШС өкілі Михаил Мельчиков.

Аспирациялық және желдету жүйелерін күрделі жөндеу аясында жабдыққа демонтаж жасалды.

Жылу көзіндегі барлық жұмыс кесте бойынша жүргізіледі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив