Кітапқұмарлар халықаралық байқауға қатысты – ШҚО
Фото: egemen.kz
ШҚО балалар және жасөспірімдер кітапханасы «Какое благо - быть!» атты халықаралық интернет байқауының финалын өткізді. Байқау Оралхан Бөкейдің 80 жас және Марат Қабанбаевтың 75 жас мерейтойына орайластырылған.
Байқауға түрлі елдердегі оқырмандар қатысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Халықаралық сайыс алтыншы жыл ұйымдастырылды. Сайыс ерекше форматта ұйымдастырылған. Оқырмандар бір бейнероликтің арқылы өз шығармашылығы туралы мәлімет беріп, әлеуетін көрсетеді. Байқауға Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекетінен оқырмандар қатысқан. Сайысқа барлығы 60 жұмыс ұсынылды.
Қазылар алқасы екі номинацияның жеңімпаздары мен халық дауыс беру арқылы анықтайтын лауреаттардың анықтады. Байқаудың қатысушыларына алғыс хат табысталған.