Индустрияландыруға бағытталған ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр - ШҚО
ШҚО-да индустрияландыруға бағытталған 22 ірі жоба жүзеге асырылып жатыр.
Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиында аймақ басшысы Ермек Көшербаев мәлім етті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысында «Бірыңғай индустрияландыру картасы» жобасының аясында тау-кен металлургия өнеркәсібінде, агроөнеркәсіп кешенінде, тамақ өнеркәсібі және басқа да маңызды салаларда 22 ірі жоба жүзеге асырылып жатыр.
Аймақ басшысының айтуынша, әрбір жобаның мультипликативті әсері бар.
- Біздің нарық үлкен, өнімнің басым бөлігі импортпен келеді. Дегенмен, көбін өзіміз өндіруге қауқарлымыз. Қалалар мен аудандардың әкімдері өндіріс пен тұтыну балансын есептеуі қажет. Кім қандай өнім өндіре алатынын түсіну керек. Барлық басқармалар осы жұмысқа кірісуге тиіс. Біз бизнес өкілдеріне қолайлы жағдай жасауымыз қажет, кейінгісін олар өздері істейді, - деді Ермек Көшербаев.
Оқи отырыңыз