Риддердегі ТЖ: Апаттық-қалпына келтіру жұмыстары тоқтатылды, су деңгейі көтерілген жоқ
9 желтоқсандағы жағдай бойынша Риддердегі апаттық-қалпына келтіру жұмыстары тоқтатылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
– Түнгі сағат 03:40-та «ЛК ГЭС компаниясы» ЖШС техник-механигінің шешімі бойынша экскаваторлар орындарынан алынды. ТЖБ қызметкерлері «ЛК ГЭС компаниясы» ЖШС өкілдерімен бірлесе отырып, Хариузовская көшесінің басынан Некрасов көшесіне дейінгі Хариузовка өзенінің жағалауын тексеріп өтті. Су деңгейінің көтерілуі жағдайы байқалған жоқ, - деп мәлімдеді Риддер қаласының әкімдігі.
Айта кетейік, зардап шеккен үйлерді кептіру жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта залалды бағалау және оқиғаның себептерін анықтау жүргізіліп жатыр, кінәлілер жауапқа тартылады.
Оқи отырыңыз