KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
488.45 529.19 5.04

Биылдан бастап бизнесті тексеруге адам қатыспайды

12.01.2024, 21:09 206

Сонымен, биылдан бастап бизнесті тексеруге адам қатыспайды. Өйткені елімізде тәуекелдерді басқару жүйесі (ТБЖ) автоматтандырылды. Нәтижесінде бизнесті жоспарлы офлайн тексеру 2 есе және айыппұлдар саны бірнеше есе азаяды деп күтілуде.

Шағын бизнесті тексеруге қойылған мораторий үш жыл бойы күшінде болды. Елімізде бизнесті тексеруге мораторий 2020 жылғы 1 қаңтарда жарияланған болатын. Сол сәттен бастап орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тікелей тексеруді және профилактикалық бақылау жүргізуді тоқтатты. Бірақ Кәсіпкерлік кодекске сәйкес жүргізілетін жоспардан тыс тексерістер жүргізіліп келді. 


Мораторий аяқталды, алда кәсіпкерлерді қандай тексерулер күтіп тұр? Altaynews.kz тілшісі анықтап көрді.


Айта кетейік, бастапқыда мораторий 2023 жылғы қаңтарда аяқталады деп жоспарланған болатын. Алайда, былтыр Президент оның мерзімін тағы бір жылға ұзартып, осылайша шағын бизнесті тексеруге мораторий 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап аяқталды. 


- Мораторий мемлекет басшысымен пандемия алдында енгізіліп, шағын және микрокәсіпкерлік субъектілерінің күрделі кезеңде тұрақты жұмыс істеуіне ғана емес, өркендеуіне де үлкен ықпал етті. Егер 2019 жылы шағын және микробизнес 128 мың реттен астам тексерілген болса, 2020 жылы тексерулер саны бес есеге азайды,- дейді облыс кәсіпкерлері палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Әлия Мұқашева. 


Сонымен бірге биылдан бастап республикада түпкі мақсаты – сенімді салық төлеушілерді жөн- жосықсыз тексерістер мен кедергілерден арылтуды көздеген бизнесті тексеру жүйесі түбегейлі өзгерді. Сөз Қазақстанда 2024 жылдың 1 қаңтарында қолданысқа енген тәуекелдерді басқару жүйесі туралы болып отыр. 


Сонымен, биылдан бастап бизнесті тексеруге адам қатыспайды. Өйткені елімізде тәуекелдерді басқару жүйесі автоматтандырылады. Нәтижесінде бизнесті жоспарлы офлайн тексеру 2 есе және айыппұлдар саны бірнеше есе азаяды деп күтілуде.


Егер автоматты жүйе қандай да бір бизнес нысанының тәуекелі жоғары болып тұрғанын анықтаса, онда ол нысанға сәйкесінше тексеру жүргізіледі. Барлығы бақылау саласына байланысты: мысалы, нысан иесінің кінәсынан нысанда өрт шықса, онда, ол нысан міндетті түрде ТЖД нің келесі жылғы тексеру кестесіне қойылады. Бұл туралы облыс кәсіпкерлері палатасындағы кәсіпкерлердің құқын қорғау және жемқорлыққа қарсы іс -қимыл кеңесі отырысында бақылаушы- қадағалаушы органдардың өкілдері айтты.


Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 137 бабына сәйкес бақылау, қадағалау субьектілерінің (нысандарының) іс әрекетін бақылау профилактика, тексеру және зерттеу формасында жүргізіледі. Біріншісі, өз кезегінде субьектіге бармай, бару арқылы немесе бақылап сатып алу формасында жүзеге асырылуы мүмкін. Екінші дәреже квалификациялық немесе рұқсат етілген талаптарға сәйкестікті тексерумен және жоспардан тыс тексерулермен жүзеге асырылады. Ал, зерттеу кешенді түрде жүзеге асырылады.


Кеңес отырысында кәсіпкерлерді нысанның тәуекелдік дәрежесі қалай анықталатыны және оны қалай өзгертуге болатыны қызықтырды.


Мемлекеттік кірістер департаменті мен төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері бизнесті автоматты жүйе тәуекелдік дәрежесін автоматты түрде анықтайтынына сендірді. Әрі қарай нысанның бір жыл ішіндегі іс әрекетіне қарай ол өзгеруі мүмкін. Бұл мәселедегі ең басты көрсеткіштер: салық төлемдерінің уақытылы, толық болуы, өкілетті органдарға тиісті есептерді тапсыру, нысанда талаптар мен ережелерді сақтауға қатысты ұйғарымдарды орындау,сақтау т.б.


Қазақстанның сауда кәсіпорындары қауымдастығының облыстық филиалының төрағасы Владимир Бердник үй жанындағы дүкендердің иелері атынан салық органдарына ешқандай шағымдары жоқтығын: мемлекеттік кірістер департаменті мен оның аудандағы бөлімдері жыл бойы бизнеспен өзара түсіністікте жұмыс істегенін атап айтты. ШҚО төтенше жағдайлар департаменті де жазалау, айыппұл салудан бұрын, кәсіпкерлерге заң бұзушылықтардың алдын алу, ескерту бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. 


Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңес отырысы барысында ТЖД нің өкілі департамент шағын және микрокәсіпкерлікке алғашқы жарты жылдықта тексеру жүргізуді жоспарлап отырмағандығын мәлім етті. Кәсіпкерлер департмент өкілінен төтенше жағдайлар бойынша бизнеске қойылатын барлық талаптар жазылып, көрсетілген кітапшалар, буклеттер дайындауды өтінді.


Жанаргүл Мұқатай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив