KZ
Өскемен
+8°
ясно Штиль
479.05 534.57 5.17

Мәжіліс депутаты Риддерде төтенше жағдай режимін жариялауды ұсынды

17.01.2024, 15:05 238 Ләззат Қанатқызы

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловқа Риддер қаласында көпбейінді аурухана кешенін салу туралы депутаттық сауал жолдады.

Қазір Риддер қаласында облыс бойынша орта есеппен инсульт, инфаркт, онкологиялық аурулар және туберкулездің өте жоғары деңгейі байқалады. Осыған байланысты "AMANAT" партиясының фракциясы Риддер қаласында төтенше жағдай режимін жариялауды, аурухананы жедел салу және ең заманауи жабдықтармен қамтамасыз ету үшін Үкімет резервінен қаражат бөлуді қажет деп отыр, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

- Қазіргі уақытта стационардың барлық бөлімшелері уақытша бір корпуста орналасқан. Реанимациялық бөлімше мен  стационардың қабылдау бөлмесі де нормаға сәйкес келмейді. Үш бөлімде жалғыз операциялық бөлімше қарстырылған. Медициналық көмек лайықты түрде көрсетілмегендіктен  тұрғындар облыс орталығына баруға мәжбүр. Кейбір науқастарды дер кезінде жеткізіп үлгермейтіні жайлы да естіп жатырмыз. Аймақта жұмыс сапары кезінде көргенімізді гуманитарлық апат деп атауға болады, - деді депутат.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив