KZ
Өскемен
-21°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
522.42 543.89 5.28

Тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа ұшыраған жан кімнен көмек сұрай алады?

Фото: egemen.kz

7.02.2024, 10:16 171 Ләззат Қанатқызы

Былтыр ШҚО көлемінде отбасына зорлық-зомбылық көрсеткен 18 тұлғаға қатысты қылмыстық іс қаралып, 16 тұлға ҚР Қыслмыстық кодекстің 106-бабы бойынша, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін жауапқа тартылған. 
Сонымен қатар отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер үшін өткен жылы отбасында ұрып соғып, денсаулыққа қасақана зиян келтірген 3568 адам жауапкершілікке тартылып, оның 601-і әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

-    Шығыс Қазақстанда 2023 жылдың 12 айында отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 5 мыңға жуық хабарлама келіп түскен. Оған сүйеніп, сауалнама жүргізу барысында 291 факт ішімдіктен, 458 жағдай туыстардың араласуынан, 50-ге жуығы жұмыссыздық салдарынан және 800-ге жуық жағдай қызғаныштан орын алғаны анықталды. Десе де, соңғы 3 жылдағы статистиканы салыстыра отырып, өңірде мұндай жағдайлардың азаюы байқалатынын атап өткем келеді. Жалпы Өскемен қаласы бойынша 200-ден астам қолайсыз отбасы есепке алынған, - дейді Өскемен қалалық ПБ «Ертіс» полиция бөлімі ювеналдық полиция тобының аға инспекторы полиция майоры Гүлнұр Түсіпова. 

Бұл жағдайды Мемлекет басшысының өзі де қатаң бақылауына алып, сайлауалды бағдарламасы мен жолдауларында да баса назар аударған болатын. Әкімшілік заңнамаға да өзгерістер енгізілді.

-    Бұрын жәбірленуші тарап агрессордан қорқып арыз жазудан бас тартатын. Ал, арызсыз тәртіп сақшылары істі қарай алмайтын. 2023 жылы 1 шілде күні қабылданған Әкімшілік кодекстік заңына сәйкес, полиция қызметкерлеріне ешқандай түсініктеме мен арыз керек етілмейді. Бұрын біздің құқық қорғау қызметкерлерінің қолы байлаулы болса, қазір құқық бұзушылықтың жасалу фактісі бойынша бірден іс қозғау тетігі бар. Бейнетіркегішке тіркелген, көршілердің түсініктемесі немесе қандай да бір деректерге сүйенсе отырып әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жіберіледі. Егер дене жарақаты болған жағдайда бірден сот медициналық сараптамасына жолданады, - деп түсіндірді Гүлнұр Түсіпова.

Полиция қызметкерінің айтуынша, іс сотқа жолданған кездің өзінде жәбірленуші тарап көп жағдайда кешірім беріп келген. Түзетулер енгізілген әкімшілік заңнамаға сәйкес, татуласуға тек бір рет рұқсат етіледі. Егер агрессор жазаға тартылған жағдайда өз келісімімен психологпен жұмыс істеуге міндеттеледі.
Өткен жылдың қортындысы бойынша осындай жағдайдан жапа шеккен 700-ге жуық әйел адам психологтың қабылдауына жіберілген. Осы орайда денсаулығына, тіпті өміріне қатер төнген құрбан жан бас сауғалап, қашқанда дағдарыс орталықтарынан пана іздей алады. Қазір еліміздің түкпір-түкпірінде 40-тан астам дағдарыс орталығы жұмыс істеп тұр.

-    Өскемен қаласында да «Үлбі» дағдарыс орталығы жұмыс істейді. Онда әйел адамға құқықтық, психологиялық, әлеуметтік көмек көрсетіледі. 6 ай  бойы, яғни өз-өзіне келгенше 6 ай бойы ол сол жерде тұра алады.  Құндақталған сәбиі бар жас аналар үшін «Аналар үйі» бар. Ол жерде де жоғарыда аталған көмек түрі көрсетіліп, шағын кәсіп үйретіледі, - деп түсіндірді Гүлнұр Жамбылқызы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу