KZ
Өскемен
-20°
туман жел 1 м/с, С
502.89 527.03 5.71

Зайсан аудандық ауруханасына заманауи аппарат сатып алынды

14.02.2024, 16:00 233

Зайсан аудандық ауруханасы заманауи медициналық жабдықтармен толығып жатыр. Сондай озық технологиялық құралдың бірі – компьютерлік томография аппараты. Бағасы 465 миллион теңге тұратын жаңа аппарат ел игілігіне пайдаланылмақ.

Бұл жағымды жаңалық жергілікті тұрғындарды қатты қуантты. Өйткені енді зайсандықтар компьютерлік томографиядан өту үшін сонау 500 км жердегі облыс орталығына ат сабылтып барып, кезек күтіп сарылмайтын болды. Бүкіл қызмет аудан орталығында көрсетіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Аудандық аурухананың бас дәрігері Жексенбай Тілеубердиннің айтуынша, Зайсанмен іргелес өңірлерде мұндай аппарат жоқ. Сол себепті Күршім, Марқакөл, Тарбағатай аудандарының тұрғындарына да енді осында келіп тексерілуге мүмкіндік туды. Болашақта жергілікті билік аудандық аурухананы жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсету орталықтарының біріне айналдыруды көздеп отыр.

– Компьютерлік томограф арқылы біз адам ағзасындағы аурулардың алғашқы белгілерін анықтай аламыз. Бұл енді – заманауи құрылғы. Бір қуантарлығы енді жергілікті тұрғындар Өскеменге бармай-ақ өзімізде компьютерлік томографиядан өте алады, - дейді Жексенбай Тілеуберлин.

 

Қуаныш Рахметоллаұлы

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу