KZ
Өскемен
+18°
переменная облачность жел 4 м/с, З
447.25 485.18 4.96

Өскеменде көшеден адам мәйіті табылды

pixabay.com

16.03.2024, 09:00 70 Назерке Каримова

Кеше полицияға Абай даңғылында пышақ жарақатынан көз жұмған адам мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО ПД кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

- Күдікті анықталып, ізін суытпай  ұсталды,  уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлады ШҚО ПД. - Заттай дәлелдемелер алынып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.


Әлеуметтік желілерде ер адамның оқ жарақатынан қаза болғаны туралы ақпарат тарауда. ШҚО ПД бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертіп, тек ресми дереккөздерге сенуді сұрайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив