Риддерлік онколог дәрігер есірткі заттарымен жұмыс істеу қағидаларын бұзған
Фото: kun.uz
Риддер қалалық ауруханасының онколог дәрігері онкология ауруынан қайтыс болған адамға есірткі препаратын тағайындап, дәрі алуға рұқсат қағазын психоактивті заттарды қолданатын басқа адамға берген.
Бұл заңбұзушылық прокурорлық тексеру барысында әшкереленді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«Трамадол» препараты Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасында бақылауға жататын психотроптық заттардың тізіміне енгізілген, препарат онкологиясы бар науқасқа дәрігердің рецепті бойынша ғана беріледі.
- Қалалық аурухананың онколог-дәрігері осы талаптарды бұзып, есірткі препаратына рұқсат қағазын психоактивті заттарды қолданатын басқа адамға берген. Риддер қаласының прокуроры есірткі заттарымен, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ҚК 303-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, - делінген облыстық проокуратураның баспасөз ақпаратында.
Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Оқи отырыңыз