KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 2 м/с, СШ
485.11 523.82 5.02

«Таза Қазақстан»: Күршім ауылында кезекті сенбілік өтіп жатыр

25.04.2024, 14:09 102 Ержан Әбіш

Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында ШҚО Күршім ауданының орталығында кезекті сенбілік өтіп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Бүгінгі сенбілікке Күршім ауылындағы түрлі мекемелердің ұжымдары жұмылдырылған, барлығы елу шақты адам жүр. Сондай-ақ қоқыс шығаруға арналған екі жүк көлігі мен тиегіш техника тартылып отыр, – деді Күршім ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Жасұлан Мәжібаев.

Елді бірлікке, тазалыққа насихаттайтын «Таза Қазақстан» акциясын өткізуге Мемлекет басшысы тапсырма берген болатын. Бұл – тазалықты насихаттап қана қоймай, ел-жұрттың басын біріктіретін маңызды іс-шара.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив