KZ
Өскемен
+16°
пасмурно жел 6 м/с, В
475.18 510.72 5.47

«Jas Kenes Siylygy» байқауына өтінім қабылдау басталды

Фото: Махаббат Ахметжанова

28.06.2024, 16:52 88 Ержан Әбіш

Елімізде алғаш рет жас мамандарға арналған «Jas Kenes siyligi» конкурсына өтініш қабылдау басталды. Бұл Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бастамасымен құрылған тәуелсіз жастар сыйлығы күнделікті еңбегі жиі көзге түспейтін жастарды көтермелеу мақсатында беріледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Байқауға қатысу ережелерін Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры Айдос Әділбеков пен Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшесі Бақытжан Ербол түсіндірді.

Олардың айтуынша, конкурс күнделікті жұмысы көпшілікке көрінбейтін қоғамның маңызды салаларында жұмыс істейтін жас мамандарға арналған. Жүлделер «Жанқиярлық», «Алтын Жүрек», «Өнеркәсіп», «Болашақ туралы қамқорлық», «Адамгершілік», «Көмек қолы», «Біздің үй» атты номинациялар шеңберінде беріледі. Яғни, кез келген салада еңбек ететін 35 жасқа дейінгі азаматтар үміткер бола алады. Байқаудың жүлде қоры – 14 миллион теңге. Әр жеңімпазға 1 миллион теңгеден бөлінеді.

– «Jas Kenes siyligi» – жастарға арналған тәуелсіз премия. Әр жеңімпазға 1 миллион теңгеден беріледі. Республика бойынша 14 адам таңдалады. Байқауға құтқарушылар, полиция, өрт сөндірушілер, орта медицина қызметкеркерлері, волонтерлер және басқалар қатыса алады, – деді Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшесі Бақытжан Ербол.

Марапаттауға Қазақстан Республикасының аумағында тұратын 35 жасқа толмаған азаматтары өтініш бере алады. Конкурсқа қатысуға өтінімді jaskenes.kz сайтында 18 маусым мен 21 шілде аралығында беруге болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив