KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 0,8 м/с, СШ
478.89 528.74 5.29

Шығысқазақстандық құтқарушылар ерекше акцияға қатысты – ШҚО

6.08.2024, 14:57 105 Ләззат Қанатқызы

Шығысқазақстандық құтқарушылар балалардың қауіпсіздігі қамтамасыз ету мақсатында ерекше акцияға қатысты.

Күн ысыған уақытта көпқабатты пәтерде тұратын ата-аналардың жауапкершілігі арта түсері анық. Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін құтқарушылар терезелерге арнайы қорғаныс құрылғыларын орната бастады, деп хабарлайды  Altainews.kz сайты.

құтқарушылар "Za Oknami_Oskemen" фирмасы ұсынған арнайы қорғаныс құрылғылары ата-ана болуға дайындалып отырған жас отбасылардың баспаналарына орнатылған.

- Күн ысып, үйде терезені ашқан уақытта балалардың қауіпсіздігін басты назарға алу керек. Акция барысында құрылғыларды орнатып қана қоймай, ата-аналарға балаларды назардан тыс қалдырмау керектігін тағы бір еске салдық. Қай уақытта да сақтық шаралары сақталуы тиіс. Сонда ғана жазатайым оқиғалардың алдын ала аламыз, - деді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы.

Сондай-ақ ШҚО ТЖД мамандары өңірдегі азаматтар мен түрлі ұйымдарды  осындай акцияға жиі қатысуға шақырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив