KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 1,3 м/с, В
478.96 533.03 5.22

ШҚО полициясы зейнеткерлерді алдаған «коммуналдық жұмыскерді» ұстады

Фото: depositphotos.com

3.09.2024, 18:01 99 Ержан Әбіш

ШҚО полициясы зейнеткерлерді алдаумен айналысқан жалған коммуналдық қызметкерді ұстады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Ер адам құбырларды тексеруге немесе есептегіш құраларды ауыстыруға келгендей болып, оның орнына қарттардың ақшасы мен құны 1 млн теңгеден асатын әшекей бұйымдарын ұрлап кеткен.

Жәбірленушілердің бірінің айтуынша, ол үйдің ауласында отырғанда, белгісіз адам оған жақындап, өзін су арнасының қызметкері ретінде таныстырып, есептегіштерді тексеру керек екенін айтқан. Әйел адам қызметкерге сеніп, оған пәтерінің кілтін берген. Алайда кейінірек үйге келгенде зергерлік бұйымдары бар қораптың жоғалып кеткенін байқаған.

Ол Өскемендегі жалған коммунал қызметкерінен зардап шеккен жалғыз адам емес. Келесі жолы күдікті «электрик» болып, 72 жастағы тұрғынның есігін қағып, оның есептегіштері мен сымдарын тексеріп, қызмет ақысын сұраған. Әжені әңгімеге алаңдата отырып, оның 140 мың теңгесін ұрлап кеткен. Үшінші 87 жастағы жәбірленушіге «коммуналдық қызметкер» оның есептегішінде ақау тапқанын, алайда оған 1000 теңге төлесе, ол бұл туралы хабарламайтынын айтқан. Пәтерден шығып бара жатып ер адам зейнеткердің сөмкесін ұрлап кеткен, оның ішінде 25 мың теңге салынған әмиян болған.

Полицейлер күдіктіні анықтап, ұстады. Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотты болған 39 жастағы Өскемен тұрғыны болып шықты. Ер адам ұрланған зергерлік бұйымдарды сатып үлгерген.

 Қазіргі уақытта қаскөй қамауға алынды. Тәртіп сақшылары күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив