KZ
Өскемен
-7°
небольшой снег жел 7 м/с, ОШ
516.85 537.68 5.26

ШҚО-да сейсмолог мамандығын жандандыру жоспарланып отыр

13.09.2024, 11:05 124 Айжанат Бақытқызы

Өскеменде Төтенше жағдайлар департаменті, Сейсмикалық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы және Серікбаев атындағы ШҚТУ мамандары кездесті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесуде Қазақстан әртүрлі қарқындылықтағы жер сілкінісі болуы мүмкін ел болғандықтан, сейсмология саласындағы мамандардың жетіспеушілігі мәселесі көтерілді.

Ұлттық ғылыми орталықтың маманы жиналғандарға сейсмология саласындағы ғылыми қызметкерлер мен кадрлардың тапшылығы  және сейсмолог мамандығы құрылыс кезінде қауіпсіздік жобаларын әзірлеу, халықты ерте хабардар ету мақсатында жер сілкіністерінің табиғатын зерттеу үшін қажет екендігін баса айтты.

Университет қызметкерлері осы мамандықты жандандыруға және келесі оқу жылында студенттерді оқытуды бастауға дайын екендігін мәлімдеді.

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу