KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 2,6 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Полицейлер студенттерге жол қозғалысын бақылауды үйретті – ШҚО

13.09.2024, 10:31 81 Ержан Әбіш

ШҚО Полиция департаментінің әкімшілік полиция қызметкерлері «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» облыстық филиалының мамандарымен бірлесіп Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттерімен практикалық сабақтар өткізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Тасымалдауды, қозғалысты және автокөлікті пайдалануды ұйымдастыру кафедрасының студенттері үшін автомобиль жолдарының жай-күйін бақылаудың заманауи әдістерін және оларға орнатылған реттеу құралдарын зерделеу бойынша дәріс өткізілді.

Полицейлер мен инженерлер сынақ құралдарының, жылжымалы зертхананың жұмыс тәртібін көрсетіп, жол белгілерін орнатуға қойылатын талаптар туралы айтты.

– Іс-шара студенттердің жол жүрісі қауіпсіздігі туралы білім деңгейін арттыру, автожолдардың жай-күйін бақылаудың заманауи әдістерін және оларға орнатылған реттеу құралдарын зерделеу және ШҚТУ-мен Полиция департаменті арасындағы жемісті ынтымақтастық үшін ұйымдастырылды, – деді ШҚО ПД ӘПБ бастығының орынбасары Игорь Клишин.

Студенттер Жол активтері сапасының ұлттық орталығы инженерлері мен тәртіп сақшыларына танымдық экскурсия үшін алғыс айтып, болашақта да осындай акцияларға қатысатындарына сенім білдірді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив