KZ
Өскемен
+1°
пасмурно жел 3 м/с, ОБ
487.24 529.34 5.02

ШҚО ТЖД: Әлеуметтік осал топтағы азаматтардың үйлерін тексеру басталды

depositphotos.com

16.10.2024, 17:00 61 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ТЖД мамандары биыл облыста 492 өрт тіркелгенін, оның 342-сі тұрғын үй секторында болғанын хабарлады. Бұл жалпы өрттердің 69%-ын құрайды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бүгінгі күнге дейін 52 мыңнан астам үйге тексеру жүргізілді. ТЖД қызметкерлерінің тұрғындармен түсіндіру жұмыстары барысында 13 090-ға жуық заңбұзушылық жойылды.

Облыс аумағында әлеуметтік осал топтағы азаматтар тұратын 3 101 үй бар. Өрт қауіпсіздігі айлығы аясында ТЖД-ның аумақтық бөлімшелері мұқтаж және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға түтін мұржаларын тазарту, пеш жабдықтарындағы жарықтарды жөндеу сияқты көмек көрсетіп келеді. Сондай-ақ осы отбасылардың үйлеріне қызметкерлер көмірқышқыл газының датчиктерін орнатуда. Соңғы жылдары бұл жұмыстар 42 адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді.

15 қазаннан бастап әлеуметтік осал топтағы азаматтардың үйлеріне екінші рет тексеру жүргізу кезеңі басталды. Бұл жұмысқа жергілікті атқарушы органдардың, әлеуметтік қорғау, білім беру мекемелерінің және полицияның мамандары қатысуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив