KZ
Өскемен
+1°
пасмурно жел 3 м/с, ОБ
487.24 529.34 5.02

ШҚО-да салынып жатқан төрт нысан Антикордың бақылауында

primeminister.kz

30.12.2023, 13:30 117 Назерке Каримова

Өскемен қаласындағы Гематология орталығы мен Мамандандырылған ХҚКО, Бұқтырма көпір өткелі, гидроқұрылыстар бақылауға алынды. 

ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын әзірледі, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі 

ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Денис Шакенов атап өткендей, картада экология, бизнес, көмір тапшылығы, ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау, созылмалы құрылыс нысандары және қымбат металдар айналымының заңсыз схемаларына қатысты мәселелер көрсетілген

- Өңірдің тәуекелдер картасына 4 созылмалы құрылыс нысаны енген, олар: Өскемен қаласындағы Гематология орталығы мен Мамандандырылған ХҚКО, Бұқтырма көпір өткелі, гидроқұрылыстарды салу және жөндеу. Аталған объектілер бойынша бюджет қаражатын пайдалану тиімділігі облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің алдын алу бақылауында, - деп атап өтті Денис Шакенов.

Жайылымдық жерлердің жетіспеушілігіне байланысты мәселелер де Департаменттің басты назарында. Осы салада сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталып, оларды барынша азайту және жою бойынша ұсыныстар енгізілді.

Ағымдағы жылы облыс тұрғындарының жеке малын жаю үшін 78,6 мың гектар жайылымдық жер жетіспеді. Жергілікті атқарушы органдардың мониторинг ұсынымдарын орындап, жүйелі жүргізген жұмыстары нәтижесінде пайдаланылмайтын жайылымдар қайтарылды, 9 елді мекен шегіне қосымша жайылымдық жерлер енгізілді, малды орман қоры жерлерінде жаю жолға қойылып, өнімділігі төмен егістік алқаптары жайылымдарға ауыстырылды.

Нәтижесінде облыс бойынша жалпы жайылымдық жерлердің тапшылығы абсолюттік санда 99,8 пайызға (78,5 мың га) қамтамасыз етілді.

Дегенмен, бұл проблемалық мәселе әрбір нақты ауылдық округ үшін тапшылықты ескере отырып, ауылдық округтер деңгейінде одан әрі жалғасады.

Ағымдағы тоқсанда сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасы жылу электр станцияларына (ЖЭО-ны ұстауға, жөндеуге, реконструкциялауға және салуға бөлінген бюджет қаражатын жұмсауға), апаттық күйдегі және тозығы жеткен тұрғын үйлерге (тұрғын үй қорын жаңартуға және жаңғыртуға бөлінген бюджет қаражатын жұмсауға) қатысты проблемалармен толықты.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив