Дәрігерлер ауыр дертке шалдыққан науқасты аяғына тұрғызды
pexels.com
Өскемен қаласының жас тұрғыны жамбас мойнына жасалған операциядан кейін білікті мамандардың сүйемелдеуімен ұзақ оңалтудан өтіп, бүгінде еркін қозғалып, өз бетімен жүретініне қуанышты. Науқас дәрігерлерге деген шексіз алғысын білдіріп, олардың еңбегін жоғары бағалады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Оң жамбасының туа біткен ақауынан Әсел Айымқанова бала кезінен ақсаңдап, қатты ауырсынып, әрең жүретін. Мүгедектікпен өмір сүргісі келмеген бойжеткен күрделі операция жасатуға бел буған. Алайда отадан кейін асқынулар туындап, жіліншік нервісі зақымданған.
Облыстық оңалту орталығының емдеу-қалпына келтіру бөлімінің меңгерушісі Галина Иванованың айтуынша, науқаста ауырсыну синдромы өте айқын болған.
Әсел өз жетістіктерін мақтанышпен айтып, дәрігерлерге алғыс білдіруді ұмытпайды.
ШҚО оңалту орталығының мамандары оңалту қызметтерінің барлығы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакетіне кіретінін еске салады. Бұл қызметті алу үшін тұрғылықты жері бойынша дәрігерден жолдама алу жеткілікті, – деп түсіндірді Медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Айна Ескенқызы