KZ
Өскемен File engine/modules/json_openweathermap_pogoda_one_day.php not found.
[rates-money]{m-rates-USD}[/rates-money] [rates-money]{m-rates-EUR}[/rates-money] [rates-money]{m-rates-RUB}[/rates-money]

Шығыс өңірі креативті экономикада өз орнын нығайтуда (Видео)

9.12.2024, 14:30 79 Төлеуғазы Жансая

 

Биылғы қысқы маусымда Шығыс Қазақстан облысы елдің ертегідей орталығына айналмақ. Мұнда Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген Аяз Аталар шеруі өтеді. Бұл туралы облыс әкімі Ермек Көшербаев «Ертіс-концерт» залында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

— Біздің аймақтың таңдалуы бекер емес. Қар басқан таулар, қалың ормандар мен аязды атмосфера керемет қысқы ертегіге айналады. Биыл бізге республикадағы бес облыстан 150-ге жуық Аяз Ата келеді, — деді Ермек Көшербаев.

2024 жыл Шығыс Қазақстан облысы үшін мәдени өмірде ерекше маңызды болды. Жылдың басында «Астана Балет» театрында облыстық симфониялық оркестрдің концерті аншлагпен өтті. Композитор Сыдық Мұхамеджановтың 100 жылдығына арналған «Айсулу» операсы қойылды. Сонымен қатар, «Mamma Mia» мюзиклі мен «Жарқанат» опереттасының премьералары ұсынылды.

Тамыз айында облыста үрмелі оркестрлер фестивалі ұйымдастырылса, ал Көшпенділердің дүниежүзілік ойындары аясында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық конференция өтті. Бұл шараға археология, мәдени мұраны сақтау және музей ісі саласындағы жетекші мамандар жиналды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу