Мемлекеттік тілді дамыту мәселесі – басты назарда
Жастармен қатар, ересек тұрғындарды да оқыту үшін мемлекеттік тілді дамытудың 100 орталығын ашу жобасы іске асырылуда. Бұл туралы ШҚО әкімі Ермек Көшербаев мәлім етті, - деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Айта кетейік, «Қонақжай отбасы» жобасы оң нәтиже беріп, ел аумағына қолдануға ұсынылып отыр.
- Жоба аясында Өскемен, Риддер қалалары, Глубокое, Шемонаиха және Алтай аудандарынан 100 бала Катонқарағай ауданының отбасыларында тұрып, мемлекеттік тілді үйренсе, Зайсан мен Тарбағатайдың 20 баласы Глубокое ауданы мен Риддер қаласының отбасыларында орыс тілін меңгерді,- деді Ермек Беделбайұлы.
Оқи отырыңыз