KZ
Өскемен File engine/modules/json_openweathermap_pogoda_one_day.php not found.
[rates-money]{m-rates-USD}[/rates-money] [rates-money]{m-rates-EUR}[/rates-money] [rates-money]{m-rates-RUB}[/rates-money]

"Тікұшақ пайдалану - ысырапшылдық емес, кей жағдайда күттірмес қажеттілік", - ШҚО әкімі (Видео)

9.12.2024, 15:20 83 Төлеуғазы Жансая

 

Шығыс Қазақстан облысына қарасты Өскемен мен Зайсанның арасы 500 шақырым, ал Күршім, Катонқарағай, Марқакөл және Тарбағатай аудандарында одан да шалғай ауылдар бар. Ауыр науқас адамды орталыққа жеткізу немесе орман өртін сөндіру қажет болса,  көмекке тек тікұшақ келеді. Бұл туралы брифинг барысында қойылған сұрақтарға жауап берген ШҚО әкімі Ермек Көшербаев мәлім етті.

«Баршамызға мәлім, өткен қыста ауа райының қолайсыздығынан Марқакөл ауданына жол болмай қалды. Сол кезде азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткізу, мал азығын тасымалдау, науқастарды эвакуациялау тек тікұшақпен жүзеге асырылған еді. Тікұшақтың  көмегімен өрт сөндіріледі, құтқарушылар жеткізіледі және облыстың өрт қаупі жоғары аймақтарын патрульдеу жүзеге асырылады», деді Ермек Көшербаев.

Негізінен, тікұшақтарды құтқарушылар, санавиация және полиция қызметкерлері қажет кезде қолданады. Тікұшақтар алғашқы медициналық көмек көрсетуге, адамдарды эвакуациялауға, өңірдің орман ресурстарын қорғауға арналған. Сонымен қатар, бұл әуе техникасының айырмашылығы – арнайы астфальтсыз алаңдарға қона алады.  Шамалы тегіс жер болса болды. Шығыс Қазақстанда МИ-8 тікұшағы бар, ол 10 тоннаға дейін жүк көтере алады. 


Ажар Мұратқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу