Өскеменде екі аптаға Қазақстан – Мыза қиылысы жабылады
altainews.kz
Бүгін сағат 23:00-ден бастап облыс орталығында қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді. Қазақстан және Мыза көшелерінің қиылысында трамвай рельстерін қайта жаңарту және ауыстыру бойынша ауқымды жұмыстар басталады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қаладағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің хабарлауынша, Бабкина Мельница кенті бағытына осы қиылыстан өту автокөліктер үшін де, қоғамдық көліктер үшін де толық жабылады.
Жұмыс 13 тамыз сағат 23:00-де басталып, 27 тамызға дейін жалғасады. Осыған байланысты жүргізушілер мен жолаушыларға алдағы екі аптада айналма жолдарды пайдаланып, сапарларын алдын ала жоспарлауға кеңес беріледі.
Дамир Омаров