KZ
Өскемен
-1°
небольшой снег жел 4 м/с, В
522.38 612.6 6.54

Өскеменде Шнайдер көпірі толықтай жөнделеді

1.09.2025, 19:30 382 Төлеуғазы Жансая


Өскемен қаласындағы Шнайдер көпірінде техникалық ақау анықталып, қазір қозғалыс уақытша тоқтатылды. Оқиға орнына тиісті қызметтер жіберіліп, жағдай бақылауда тұр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Бұл көпір 2024 жылдың көктемінде жөндеуден кейін пайдалануға берілген болатын. Арнайы мамандар нысанды тексеріп, аумақ тазаланған еді. Қазіргі таңда орын алған мәселенің себебі анықталуда.

Жергілікті билік өкілдері апат салдарын жою бойынша шұғыл шаралар қабылдап, қалпына келтіру жұмыстарына күш жұмылдырып жатыр. Қауіпсіздік мақсатында көпір уақытша жабылып, тұрғындар үшін барынша қолайлы жағдай жасау көзделуде.

– «Бізде тәжірибелі көпір салушы компаниялар бар. Қазір мамандарға нақты тапсырма берілді. Уақытша жөндеумен шектелмейміз, себебі ең бастысы – адамдардың қауіпсіздігі. Бақытымызға орай, зардап шеккендер жоқ. Көпір стратегиялық маңызы бар нысан болғандықтан, толық әрі сапалы жөндеу жүргізіледі», – деді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Тұрғындарға сабыр сақтап, апат аумағына бармау ұсынылады.

Фото: Махаббат Ахметжанова

Видео: Жәнібек Ырысбай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу